MNU Logo
MNU-да Сеул киберуниверситетімен қос диплом бағдарламасын дамыту мәселесі талқыланды - MNU

04.11.2026

MNU-да Сеул киберуниверситетімен қос диплом бағдарламасын дамыту мәселесі талқыланды

Maqsut Narikbayev University-де Сеул киберуниверситетінің (Корея) делегациясы болды. Серіктес жоғары оқу орнының өкілдері MNU басшылығымен және оның студенттерімен кездесті.

Студенттермен кездесу барысында Сеул киберуниверситетінің (SCU) профессорлары Artificial Intelligence and Frontier Systems: AI + X бірлескен білім беру бағдарламасының артықшылықтары мен білім алушыларға арналған мүмкіндіктер туралы айтып берді. Кездесу серіктес университетпен танысуға, академиялық перспективаларды талқылауға және бағдарламаны одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасуға мүмкіндік туғызды. Студенттерге арнаған сөзінде SCU Құрметті ректоры Хо Мё Ён MNU-мен ынтымақтастық аясында алғашқы қазақстандық студенттерді қабылдаудың ерекше маңызын атап өтті.

«Сіз MNU-мен ынтымақтастықта біздің бағдарламаға қосылған Қазақстанның алғашқы студенттері болдыңыз. Бұл біздің осындай өзара іс-қимылдың алғашқы тәжірибесі, сондықтан біз сіздерге ерекше үміт артамыз. Төрт жылдан кейін сіз оқуды табысты аяқтап, біздің мақтанышымызға айналатыныңызға сенімдімін. Сіздерге қызықты әрі жемісті академиялық жолын тілеймін», – деді Хо Мё Ён.

SCU делегациясы сондай-ақ MNU басшылығымен келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында келешек перспективалар, бірлескен бастамаларды жүзеге асыру және білім беру бағдарламасын жетілдіру мүмкіндіктері талқыланды. Цифрлық білім беру саласындағы жетекші кореялық университетпен жасанды интеллект саласындағы бірлескен бағдарлама биыл іске қосылды.

Айта кетейік, AI + X мамандығының түлектері MNU және SCU дипломдарын алады.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз