MNU Logo
MNU мен Алма-Ата университеті ынтымақтастық орнатты - MNU

26.05.2026

MNU мен Алма-Ата университеті ынтымақтастық орнатты

Maqsut Narikbayev University Индонезияның Алма-Ата университетімен (Universitas Alma Ata) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжат ғылыми және академиялық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Келісім Қазақстан мен Индонезия арасындағы жоғары білім беру саласындағы серіктестік байланыстарды нығайтудағы маңызды қадам болды. Меморандумға MNU Басқарма төрағасының ғылым, инновациялар және жасанды интеллект жөніндегі орынбасары Сергей Пен мен Алма-Ата университетінің ректоры Хамам Хади қол қойды. Рәсім Индонезияның Қазақстан мен Тәжікстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мохамад Фаджрул Рахманның қатысуымен өтті.

Меморандум бірлескен білім беру және зерттеу жобаларын іске асыруды, академиялық ұтқырлық бағдарламасын дамытуды, ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру мен тәжірибе алмасуды қамтиды. Сонымен қатар Алма-Ата университетінің Экономика және бизнес факультетінің бағдарламалары аясындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Тараптар ұзақ мерзімді әріптестікті дамытуға және білім беру мен ғылыми зерттеулердің сапасын арттыруға ықпал ететін бастамаларды іске асыруға өзара мүдделілікті атап өтті.

Алма-Ата университеті Индонезияның жас және белсенді дамып келе жатқан жеке университеттерінің бірі. Жоғары оқу орны мемлекеттің ең ірі білім беру және мәдени орталықтарының бірі – Джокьякарта қаласында орналасқан. Университет денсаулық сақтау, ақпараттық технологиялар, инженерия, экономика, педагогика және гуманитарлық ғылымдар салаларында 22 білім беру бағдарламасын іске асырады.

Айта кетейік, бұған дейін MNU Индонезияның Сунан Ампель Сурабая мемлекеттік ислам университетімен келісім жасасты.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз