800-ден астам адам Maqsut Narikbayev University-ге мемлекеттік грант иеленді. Жоғары оқу орнында тегін білім алуға ҰБТ-да кем дегенде 120 балл жинаған талапкерлер үміткер болды.
2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік грант иегерлерінің тізімін бұған дейін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жариялаған болатын. Биыл 127 мыңға жуық өтінім берілді. Талапкерлерге MNU бакалавриатының 10 білім беру бағдарламасы қолжетімді болды.
Грант иегерлерінің басым көпшілігі «Құқық» мамандығын таңдады. ҰБТ қорытындысы бойынша жоғары талаптарға қарамастан (120 баллдан бастап) MNU талапкерлер арасында басымдыққа ие болған жоғары оқу орны болды. Университет сондай-ақ «Лингвистика (TESOL) және аудармадағы технологиялар» (93,2 %), «Халықаралық қатынастар» (86 %), «Құқық» (84,4 %), «Қаржы саласындағы бизнес әкімшілендіру» (50 %), «ЖИ-ді қолданумен бухгалтерлік есеп» (47,7 %), «Маркетинг саласындағы бизнес әкімшілендіру» (38,3 %) және «Менеджмент саласындағы бизнес әкімшілендіру» (26,7 %)бағдарламаларында грант иегерлерінің саны бойынша елімізде көшбасшы атанды.
MNU грантына ҰБТ-да рекордтық 140 балл жинаған 12 талапкердің 8-і ие болды. Олардың басым бөлігі «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасын таңдады, бұл ретте осы мамандыққа түсуге кем дегенде 135 балл жинау қажет болды. Сонымен қатар 17 шетелдік студент грант иегері атанды.
Айта кетейік, мемлекеттік гранттар конкурсының қорытындысы талапкерлер арасында MNU-да білім алуға үлкен қызығушылығын көрсетті. Университет мемлекеттік білім гранттарынан басқа, Maqsut Narikbayev Scholarships республикалық олимпиадасын, сондай-ақ шетелдік талапкерлерге, NIS және РФММ мектептерінің түлектеріне арналған олимпиадалар өткізеді. Университеттің қабылдау комиссиясы өз қызметін осы жылдың 25 тамызға дейін (қоса алғанда) жүзеге асырады.