MNU Logo
MNU ИСПАНИЯНЫҢ ЖЕТЕКШІ УНИВЕРСИТЕТТЕРІМЕН СЕРІКТЕСТІК ОРНАТУДА - MNU

MNU ИСПАНИЯНЫҢ ЖЕТЕКШІ УНИВЕРСИТЕТТЕРІМЕН СЕРІКТЕСТІК ОРНАТУДА

Post Image
11.03.2025

Maqsut Narikbayev University (MNU) Испания Корольдігінің жетекші жоғары оқу орындарымен серіктестік орнатады. Университет басшылығының Мадрид және Барселона қалаларына жасаған жұмыс сапары барысында екіжақты келісімдерге қол жеткізілді.

Maqsut Narikbayev University (MNU) мен Испанияның ең көне жоғары оқу орындарының бірі – 1499 жылы негізі қаланған Алькала университеті (University of Alcalá) арасында меморандумға қол қойылды. Бұл келісім студенттер мен оқытушылардың академиялық алмасуын, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуді және қос дипломды білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруды қамтиды. Қазіргі таңда Алькала университетінде 30 мыңнан астам студент әлеуметтік және жаратылыстану ғылымдары бағытында білім алуда.

«Maqsut Narikbayev University-дің даму жолы шынымен де әсерлі. Академиялық артықшылық пен білім беру бағдарламаларының жоғары стандарттарынан бастап, инфрақұрылымдық шешімдер мен зерттеушілердің мықты командасына дейінгі жетістіктері көзге көрініп тұр. Біздің университет әртүрлі бағыттар бойынша серіктестік орнатуға қуанышты», – деп атап өтті Алькала университетінің халықаралық байланыстар жөніндегі вице-президенті Хулио Канеро Серрано.

Академиялық байланыстарды дамытудағы тағы бір маңызды қадам – Maqsut Narikbayev University жанындағы MIND ғылыми-талдау орталығы (Maqsut Narikbayev Institute for Network and Development) мен Мадрид Автономды университетінің (Universidad Autónoma de Madrid) Экономика және халықаралық қатынастар институты (UAM’s SEI) арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылуы болды. Аталған институт Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдерге бағытталған еуразиялық зерттеулермен айналысады. Айта кетейік, QS World University Rankings және Times Higher Education World University Rankings мәліметтері бойынша, Мадрид Автономды университеті Испанияның жетекші жоғары оқу орындарының бірі болып саналады.

«Бүгін Мадрид Автономды университеті мен біздің институт үшін тарихи күн. Біз Қазақстанның жетекші зерттеу орталықтарының бірімен алғашқы келісімге қол қойып, Түркі әлеміндегі ынтымақтастықтың жаңа бағытын ашудамыз. Maqsut Narikbayev University-ге зерттеулердің кең ауқымды күн тәртібі бойынша бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігі үшін алғысымызды білдіреміз», – деп атап өтті Мадрид Автономды университетінің профессоры Хесус Хилль.

Сонымен қатар, Maqsut Narikbayev University спорттық менеджмент бағытында жаңа білім беру бағдарламасын ашады. MNU Бизнес-мектебі спорт пен менеджмент саласындағы әлемдегі жетекші оқу орталықтарының бірі – Йохан Кройф институтымен (Johan Cruyff Institute) меморандумға қол қойды. 1999 жылы әлемдік футбол аңызы Йохан Кройф негізін қалаған бұл оқу орны бүгінде спорттық менеджмент саласында жоғары деңгейлі мамандар даярлау бойынша көшбасшылардың қатарында. Қазақстан тарихында алғаш рет жасалған бұл келісім аясында MBA in Sport Management екі дипломды бағдарламасын іске қосу және MNU-дің білім беру бағдарламаларына арналған қосымша мамандандыру бағдарламаларын (minors) бірлесіп әзірлеу жоспарлануда.

«Бұл меморандумдарға қол қою біз үшін жаңа академиялық және ғылыми мүмкіндіктер ашып қана қоймай, MNU-дің білім беру және сараптамалық ынтымақтастықтың халықаралық орталығы ретіндегі рөлін нығайта түседі. Испанияның жетекші университеттерімен серіктестік біздің студенттер мен оқытушыларға халықаралық интеграцияның жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік береді деп сенеміз. Екі елдің елшіліктеріне академиялық байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі мен қолдауы үшін шынайы алғысымызды білдіреміз», – деді Maqsut Narikbayev University Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Ғалымжан Құдайбергенов.

Жұмыс сапары барысында MNU делегациясының мүшелері Барселонадағы CIDOB және Мадрид қаласындағы Royal Elcano Institute ұйымдарында өткен сараптамалық талқылауларға қатысты. MIND ғылыми-талдау орталығының сыртқы саясат және халықаралық зерттеулер бағдарламасының жетекшісі Мирас Жиенбаев Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі аспектілері туралы баяндама жасады. Бұл пікірталастар испандық сарапшыларға Қазақстанның халықаралық қатынастардағы рөлін, оның транзиттік әлеуеті мен стратегиялық маңыздылығын тереңірек зерттеуге мүмкіндік берді.

Еске сала кетейік, Maqsut Narikbayev University-дің негізгі стратегиялық міндеттерінің бірі – білім беру, оқыту және зерттеу саласындағы интернационалдандыруды дамыту. Қазіргі уақытта MNU 100-ден астам халықаралық серіктестермен ынтымақтастық орнатқан.

Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз