MNU Logo
MNU-да жылдың үздік қызметкерлері анықталды - MNU

24.06.2026

MNU-да жылдың үздік қызметкерлері анықталды

Maqsut Narikbayev University-де «Жылдың үздік қызметкері» байқауының қорытындысы шығарылды. Жеңімпаздарға Вьетнамда демалуға жолдамалар табыс етілді.

Байқауға қатысу үшін 36 өтінім берілді. Жеңімпаздар оқу жылының қорытындысы бойынша тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін (KPI) бағалау мен олардың университеттің корпоративтік мәдениетіне қосқан үлесі (тәлімгерлік пен қызметкерлерді бейімдеу, іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу, еріктілік пен көшбасшылық, брендті ілгерілету, этикалық стандарттарды сақтау) бойынша анықталды. Байқаудың барлық кезеңдері ашық және жария түрде өтті.

MNU Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев жеңімпаздарды құттықтап, құрмет грамоталары мен Вьетнамдағы ең үздік қонақ үйлердің бірінде екі адамға арналған бір апталық демалыс сертификаттарын табыстады. Бұған дейін «Жылдың үздік оқытушысы» номинациясының жеңімпаздары анықталған. Байқаулардың мақсаты – Оқытушылар мен қызметкерлерінің жоғары жетістіктерін ынталандыру және көтермелеу, сондай-ақ оқыту мен әкімшілік қызметтің сапасын арттыру.

Академиялық бағыт бойынша 2026 жылдың үздік қызметкері Анаргүл Ережепова атанды. Ол MNU Құқық жоғары мектебінің Практика, мансап және жұмысқа орналастыру орталығының менеджері қызметін атқарады. Анаргүл Ережепова университетте 21 жылдан астам жұмыс істейді, сондай-ақ 2009 жылы Халықаралық құқық факультетінің жыл оқытушысы болып танылды. Сонымен қатар MNU-дың бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларының түлегі.

Сервистік бағыт бойынша 2026 жылдың үздік қызметкері ретінде Әйгерім Бекова танылды. Ол MNU Бухгалтерлік есеп бөлімінің студенттермен жұмыс жөніндегі үйлестірушісі. Әйгерім Бекова кәсіби сертификатталған бухгалтер, ал университетте 18 жылға жуық қызмет атқарады. Сондай-ақ «Қаржы» және «Құқықтану» мамандықтары бойынша MNU түлегі.

Айта кетейік, үздік қызметкерлер мен оқытушыларды жыл сайын анықтау жоспарланған.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз