MNU Logo
MNU студенттері тәуекел-менеджмент бойынша кейс-чемпионатта үздік атанды - MNU

02.05.2025

MNU студенттері тәуекел-менеджмент бойынша кейс-чемпионатта үздік атанды

Maqsut Narikbayev University Халықаралық экономика мектебінің студенттері тәуекел-менеджмент бойынша өткен кейс-чемпионатта бірінші орынды иеленді. «Risk Management Case Competition 2025» атты турнир жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары арасында өтті. Сайысты ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен KBTU ұйымдастырды.

Risk Management Case Competition – жас мамандар өздерінің сыни ойлау қабілетін, креативті көзқарасын және тәуекел-менеджмент пен модельдеу саласында стандарттан тыс шешімдер табу шеберлігін көрсететін интеллектуалды платформа. Чемпионаттың мақсаты – машиналық оқыту әдістерін қолдана отырып, антифрод-модельдерді әзірлеуге қатысты практикалық тапсырманы шешу. Бұл – нақты жағдайда деректерді кешенді түрде талдауды, алгоритмдерді оңтайландыруды және модельдердің дәлдігін қамтамасыз етуді талап ететін маңызды міндет.

Нәтижесінде MNU-дың «Blue Ocean» командасы 21 университеттен қатысқан 81 команданың арасынан үздік деп танылды. Екінші орынды IITU мен KBTU командалары бөлісті. Сонымен қатар MNU студенттері AITU мен Nazarbayev University өкілдерімен бірлесіп құрылған «BIG4» командасының құрамында қола медальға ие болды.

Айта кетейік, жеңімпаздар халықаралық FRM 1 емтиханын тапсыруға арналған грантқа ие болып, банктерде кәсіби тәжірибеден өтуге шақырту алды.

Post Image

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
MNU-да Еуропа Кеңесі орталығының өңірлік кеңсесі ашылды
07.12.2025

MNU-да Еуропа Кеңесі орталығының өңірлік кеңсесі ашылды

Maqsut Narikbayev University жаһандық диалог пен академиялық ынтымақтастықтың белсенді орталығы болуда. Университетте Білім беру саласындағы...

Университеттің 2025 жылғы басты оқиғасы – MNU студенттер қатарына қабылдау рәсімі қалай өтті?
06.12.2025

Университеттің 2025 жылғы басты оқиғасы – MNU студенттер қатарына қабылдау рәсімі қалай өтті?

Бір апта бұрын Maqsut Narikbayev University студенттер қатарына ресми түрде қабылдау салтанатты рәсіміне бес мыңнан астам адам қатысты. Ендеше, университеттің басты мерекесінің қалай өткенін біздің фоторепортаждан біле аласыз. 27 қараша күні Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайы ерекше сәнге еніп, тартысқа толы аренаға айналды. Төрт жоғары мектеп чемпион атағы үшін жыл сайын өтетін дәстүрлі додада бақ сынасты. Кештің басты тақырыбы – «Arman Iesi. Think. Create. Lead» идеясы студенттерге кең ойлауға, жасампаз болуға және қарқынды дамып келе жатқан технологиялар дәуірінде көш бастауға жетелейтін үндеу болды. Студенттердің қойылымдары жасанды интеллекттің дамуы, болашақ мамандықтардың бейнесі және мәліметтер мен алгоритмдер күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналған замандағы адамның рөлі турасында өрбіді. MNU студенттер қатарына қабылдау дәстүрлері – айрықша дүние. Кешқұрым...

MNU Bridge Hub: орта және жоғары білім беру сарапшылары жасанды интеллект интеграциясын талқылады
05.12.2025

MNU Bridge Hub: орта және жоғары білім беру сарапшылары жасанды интеллект интеграциясын талқылады

Maqsut Narikbayev University-де MNU Bridge Hub сараптамалық алаңы іске қосылды. Мемлекеттік және жекеменшік орта мектеп...

Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз