Maqsut Narikbayev University (MNU) 2027 жылдың көктемгі семестрінде Ататүрік университетінде (Түркия) оқуға конкурс жариялайды. Erasmus+ бағдарламасы бойынша бір орын «Аударма ісі» және «Қолданбалы лингвистика» білім беру бағдарламаларының студенттері үшін қолжетімді.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
• 2-ші немесе 3-ші курс;
• GPA – 3.3-тен кем емес;
• IELTS – 7.0-ден кем емес.
Міндетті құжаттар:
• паспорт;
• ағылшын тіліндегі оқу үлгерімі туралы транскрипт;
• ағылшын тілін меңгеруді растайтын халықаралық сертификат (IELTS);
• болған жағдайда – төмендегі санаттарға жататындығын растайтын құжаттардың көшірмелері:
– көпбалалы отбасы мәртебесін растайтын отбасы құрамы туралы құжат;
– ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер үшін);
– студенттің мүгедектігін растайтын құжат.
Өтінім беру мерзімі – 2026 жылғы 16 қазан.
Барлық қажетті құжаттарды мына сілтеме бойынша жүктеу қажет:
https://forms.gle/L9P9kWRuyzmFsVNF7
04.10.2026
MNU студенттері Ататүрік университетінде семестр өткізе алады
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
13.10.2026
Қазақстандық әскери қызметшілер MNU-да өздерінің цифрлық дағдыларын кеңейтті
Maqsut Narikbayev University-де (MNU) ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілеріне қызметте жасанды интеллектіні пайдалану бойынша курс...
12.10.2026
MNU мен KASE Academy студенттерге арналған қосымша мамандандыру бағдарламасын іске қосады
Maqsut Narikbayev University студенттері капитал нарығы мен инвестициялық талдауды тереңдетіп оқи алады. Жоғары оқу орнының...
11.10.2026
MNU-да Қазақстанның орнықты дамуы үшін мүмкіндіктері талқыланды
Maqsut Narikbayev University-де (MNU) Қазақстанның 2030 жылға дейінгі орнықты дамуы үшін мүмкіндіктерін талқылауға арналған сараптамалық...