MNU Logo
MNU студенттері жазушы Әбіш Кекілбаевтың тұлғасымен танысты - MNU

21.04.2026

MNU студенттері жазушы Әбіш Кекілбаевтың тұлғасымен танысты

Maqsut Narikbayev University студенттері Қазақстанның Еңбек Ері, халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың тұлғасы мен шығармашылығымен танысты. Жоғары оқу орнында «Кекілбаев тұлғасы» кітабының таныстырылымы өтті.

Іс-шара Ұлттық кітап күні қарсаңында ұйымдастырылды. Басылым «Тұлғатану» жобасы аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қолдауымен жарық көрді. Кітаптың авторлары – Ұлан Айқожа мен Абай Сейфулла.

Жинақта мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың өмірінің әр кезеңі жан-жақты қамтылған. Сондай-ақ оның адамгершілік қасиеттері, күрделі кезеңдерде шешім қабылдаудағы көрегендігі, мемлекеттік ұстанымы, ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтуға қосқан үлесі кеңінен баяндалды. Кітапқа замандастарының естеліктері, пікірлері мен тарихи деректер енгізілген.

«MNU әрқашан шығармашылық бастамаларды, жастардың идеяларын қолдайтын үлкен білім ордасы. Кітап таныстырылымының мақсаты – университет студенттері Әбіш Кекілбаевтың тұлғалық болмысынан үлгі алсын, ұлтқа еңбек етудің жолдарын көрсін және елге қызмет етуді түсінсе деп ойлаймыз. Ол әдебиет саласының майталманы, абыз, драматург, жазушы ретінде елге белгілі. Дегенмен, біз оның мемлекеттік тұлға ретіндегі болмысын да насихаттауымыз керек», – деді кітап авторларының бірі Абай Сейфулла.

Айта кетейік, таныстырылым барысында университет студенттері мен оқытушыларына ондаған кітап данасы сыйға тартылды.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз