ФРАНЦИЯ ПРЕЗИДЕНТІ ЭММАНЮЭЛЬ МАКРОН MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY ҚАБЫРҒАСЫНДА - MNU

ФРАНЦИЯ ПРЕЗИДЕНТІ ЭММАНЮЭЛЬ МАКРОН MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY ҚАБЫРҒАСЫНДА

Post Image
22.02.2024

2023 жылдың 1 қарашасында Мемлекет басшысының шақыруымен Франция президенті Эммануэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келді. Астанаға сапары аясында Франция Президенті еліміздің беделді жоғары оқу орындарының бірі — Maqsut Narikbayev University студенттерімен және оқытушыларымен кездесті.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың 29-30 қарашасында Парижге барды. Естеріңізге сала кетейік, келіссөздер қорытындысы бойынша сауда-экономикалық, аэроғарыш, машина жасау, тау-кен өндіру, агроөнеркәсіп, атом және энергетика салаларындағы стратегиялық әріптестікті нығайту бойынша 35 құжатқа қол қойылды. Қол қойылған құжаттардың қатарында жоғары білім және ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастық туралы Декларация да қабылданды. Сонымен қатар Қазақстан мен Франция оқу және ғылыми орталықтардың байланысын белсенді дамытуда. Үш Француз оқу орнымен серіктестік белсенді дамып келеді: Пуатье университеті, Лотарингия университеті, Страсбург университеті. Ал 2014 жылдан бастап Сорбонна – Қазақстан институты жұмыс істей бастады.

              Кездесу барысында Э. Макрон мен студенттер  сұрақ-жауап форматында Қазақстан мен Франция ынтымақтастығының келешек бағыттарын талқылады. Президент Макронның айтуынша, Қазақстан мен Франция стратегиялық әріптестікті одан әрі жандандыруды жоспарлайды. Сондай ақ, Транскаспий көлік маршрутының континенттердің өзара байланысын ілгерілетудегі маңыздылығын атап өтті. Француз көшбасшысы әлемдегі жаһандық өзгерістер контексіндегі Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктері қазақстандық өндірушілер үшін жаңа мүмкіндіктер ашады деп есептейді. Халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерге тоқтала отырып, Эммануэль Макрон бейбітшілік пен өңірде тұрақтылықты сақтау туралы өзінің көзқарасымен бөлісіп, Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп жатқан саясаттың ерекше рөлін атап өтті:

             “Осы уақытта бейбітшілікті, ынтымақтастықты, халықаралық құқықты қалай сақтай аламыз? Бұл қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі. Егер сіздің көршілеріңіз тұрақсыз жағдайда болса, елде экономикалық тұрақтылықты қалай сақтауға болады? Отанымыздың тыныштығын қалай сақтай аламыз? Мұндай уақытта біз өзіміздің құндылықтарымызды сақтап қалуымыз керек. Менің ойымша, Қазақстан Президенті осы мәселелерімен жұмыс жүргізуде. Сіз өз жобаларыңыз бен көзқарасыңыздың арқасында биіктерді бағындыра аласыз”, – деді Макрон.

               Кездесу соңында Франция Президенті MNU халықаралық журналистика мектебінің қызметімен танысты. Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың қыркүйек айында ашылған Халықаралық журналистика мектебі — ҚР Президенті Телерадиокешені мен Maqsut Narikbayev University заманауи медиа коммуникациялар саласындағы талантты жастарды даярлау, қолдау, кәсіби дамыту жөніндегі алғашқы бірлескен жобасы.

Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды адрес

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде бухгалтерлік білім бар ма

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз