Maqsut Narikbayev University International School of Economics мектебіне Қаржы бағыты бойынша Adjunct Assistant Professor (Finance) лауазымына үміткерлерді шақырады.
Міндеттері:
- Қаржы саласы бойынша пәндерді ағылшын тілінде оқыту;
- Дәрістер, практикалық және семинар сабақтарын дайындау және өткізу;
- Оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу және жаңарту;
- Студенттердің академиялық үлгерімін бағалау;
- Мектептің академиялық және әдістемелік қызметіне қатысу;
- Университеттің академиялық стандарттары мен ішкі нормативтік құжаттарын сақтау;
- Студенттерге оқу мәселелері бойынша кеңес беру;
- International School of Economics ұйымдастыратын іс-шаралар мен жобаларға қатысу.
Талаптар:
1. Шетелдік университеттің магистр дәрежесі (Болашақ бағдарламасының түлектеріне басымдық беріледі);
2. CFA сертификатының немесе CFA Candidate Level III / GARP FRM мәртебесінің болуы міндетті;
3. Ағылшын тілін C1 деңгейінен төмен емес меңгеру (IELTS 7.0+);
4. Қаржы саласындағы оқытушылық және/немесе практикалық тәжірибе артықшылық болып табылады.
Қосымша талаптар:
— Қаржы және инвестициялық талдау саласындағы терең білім;
— Ағылшын тілінде сабақ беру дағдылары;
— Жоғары деңгейдегі коммуникация және академиялық жазу дағдылары;
— Жауапкершілік және нәтижеге бағдарлану;
— Халықаралық академиялық ортада жұмыс істей білу.