Құрметті студенттер!
2025-2026 оқу жылының күзгі семестріне арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасының конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлаймыз.
Конкурсқа қатысуға кемінде 60 ECTS кредитін игерген бакалавриат білім алушылары, сондай-ақ магистратура, докторантура білім алушылары шақырылады.
Талаптар:
- • GPA деңгейі – 2.5 және жоғары, Erasmus+ — 3.0 және жоғары
- • ағылшын тілі деңгейі – В2 деңгейінен төмен емес
Өтінім берудің соңғы мерзімі: 3 наурыз 2025 жыл
Өтінім мен құжаттарды Smart MNU-дің веб-нұсқасы арқылы жіберу қажет, сондай-ақ барлық құжаттардың электрондық нұсқасын №220 кабинетке (USB флэш-дискісінде) ұсыну қажет.
Қажетті құжаттар тізімі:
- • білім алушының нысан бойынша өтініші (жүктеу);
- • төлқұжаттың скан-көшірмесі;
- • ағымдағы оқу жылындағы үлгерім туралы транскрипт (орыс және ағылшын тілдерінде);
- • шет тілін меңгеру деңгейін растайтын халықаралық сертификат (IELTS, TOEFL, Cambridge English, Duolingo);
- • нысан бойынша толтырылған сауалнама (жүктеу);
- • академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде шетелде білім алуға үміткердің ата-анасының (қамқоршыларының, заңды өкілдерінің) жазбаша келісімі (жүктеу);
- • қазақ, орыс немесе ағылшын тілдеріндегі ұсыныс хаттар (бар болған жағдайда);
- • таңдалған оқу бағыты бойынша республикалық немесе халықаралық деңгейдегі іс-шараға қатысқаны үшін иеленген грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың көшірмелері (бар болған жағдайда);
- • бар болған жағдайда үміткердің келесі санаттарға жататындығын растайтын құжаттардың көшірмелері: отбасы құрамы туралы құжат, студенттің көп балалы отбасынан екенін растайтын құжат; студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетім балаларға немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер санаты үшін); студенттің мүгедектігін растайтын құжат.
Сонымен қатар, серіктес жоғары оқу орындары мен курстар тізімімен алдын ала танысуды сұраймыз. Таңдалған курстар тізімінің оқу бағдарламасымен сәйкестігі жөнінде эдвайзермен келісу қажет.
Сұрақтар туындаған жағдайда Халықаралық Ынтымақтастық Бөлімімен электрондық пошта mobility@kazguu.kz, Instagram @mnu_international немесе № 220 кабинетке келу арқылы байланысуға болады.
Серіктес университеттердің тізімі ақпарат хабылдануына байланысты толықтырылады!
Erasmus + бағдарламасы бойынша серіктес университеттердің тізімі
ЖОО атауы | Білім беру бағдарламасы / бағыты | Орындар саны |
Копенгаген Университеті (University of Copenhagen), Копенгаген, Дания | Аударма ісі, Қолданбалы лингвистика | 2 |
Мартин Лютер атындағы Галле-Виттенберг Университеті (Martin Luther University Halle-Wittenberg), Галле, Германия | Халықаралық құқық (Неміс тілі – B2) | 1 |
Острава Университеті (University of Ostrava), Острава | Аударма ісі, Қолданбалы лингвистика (Француз тілі – B1) | 3 |
Өзін-өзі қаржыландыру бағдарламасы бойынша серіктес университеттердің тізімі
Корея Республикасы:
Солбридж Халықаралық бизнес мектебі, Вусонг Университеті (Woosong University), Тэджон | Іскерлік әкімшілендіру | 2 |
Дания:
Копенгаген Университеті (University of Copenhagen), Копенгаген | Халықаралық қатынастар, Халықаралық құқық (Political Science), Іскерлік әкімшілендіру, Аударма ісі, Қолданбалы лингвистика | 3 |
Бельгия:
Льеж Университеті (University of Liège), Льеж | Халықаралық қатынастар, Халықаралық құқық (Political Science) | 2 |
Чехия:
Острава Университеті (University of Ostrava), Острава | Аударма ісі, Қолданбалы лингвистика, Экономика, Қаржы, Менеджмент | 5 |
Мендель Университеті (Mendel University), Брно | Іскерлік әкімшілендіру | 3 |
Франция:
Тулуза Университеті (Sciences Po Toulouse), Тулуза | Халықаралық қатынастар, Халықаралық құқық (Political Science) | 2 |
Париж 8 Университеті (Université Paris 8), Сен-Дени | Халықаралық қатынастар (Француз тілі – B1) | 5 |
Германия:
Рейн-Вааль Университеті (Rhein Waal Hochschule), Клеве | Іскерлік әкімшілендіру, Халықаралық қатынастар | 3 |
Хоф Университеті (Hof university), Хоф | Іскерлік әкімшілендіру | 2 |
Нордхаузен қолданбалы ғылымдар университеті (Nordhausen University of Applied Sciences), Тюрингия | Іскерлік әкімшілендіру | 6 |
Литва:
Вильнюс Университеті (Vilnius University), Вильнюс | Халықаралық құқық, Құқық қорғау қызметі, Құқықтану | 5 |
Ұлы Витовт Университеті (Vytautas Magnus University), Каунас | Аударма ісі, Қолданбалы лингвистика | 1 |
Журналистика | 1 |
Словакия:
Әулие Кирилл мен Мефодий Университеті (University of Ss. Cyril and Methodius), Трнава | Журналистика | 4 |
Испания:
Хаэн Университеті (Jaen University), Хаэн | Халықаралық құқық, Құқық қорғау қызметі, Құқықтану, Қолданбалы лингвистика, Аударма ісі | 5 |
Қытай:
Солтүстік-Батыс университеті (Northwest University), Сиань | Халықаралық құқық, Құқық қорғау қызметі, Құқықтану | 2 |
Түркия:
Bahçeşehir University, Стамбул | Журналистика, Қолданбалы лингвистика, Іскерлік әкімшілендіру, Халықаралық қатынастар | 4 |
Грузия:
Кавказ Халықаралық Университеті (Caucasus International University), Тбилиси | Іскерлік әкімшілендіру | 2 |
Грузин қоғамдық істер институты (Georgian Institute of Public Affairs), Тбилиси | Халықаралық қатынастар, Халықаралық құқық (Political Science), Журналистика, Маркетинг, Экономика, Психология | 4 |
Шота Руставели атындағы Батуми Мемлекеттік Университеті (Batumi Shota Rustaveli State University), Батуми | Халықаралық құқық, Құқық қорғау қызметі, Құқықтану, Туризм, Іскерлік әкімшілендіру, Аударма ісі, Қолданбалы лингвистика | 4 |
Индонезия:
Пертамина Университеті (Pertamina university), Джакарта | Халықаралық қатынастар, Менеджмент, Экономика | 5 |
Малайзия:
Сайнс Малайзия Университеті (University Sains Malaysia), Пинанг | Журналистика | 3 |
Ресей Федерациясы:
«Экономика Жоғары Мектебі» Ұлттық зерттеу университеті (ЭЖМ ҰЗУ), Мәскеу | Психология | 2 |
Халықаралық құқық, Құқық және құқық қорғау қызметі, Құқықтану | 2 |