19 маусым күні Экономика халықаралық мектебінің “Theories of International Relations” пәнінің студенттері Париж 8 университетінің PhD докторанты және Францияның Геосаясат институтындағы (IFG) GEODE (Деректер кеңістігінің геосаясаты) зерттеу орталығының зерттеушісі Робен Летеррьенің қонақ дәрісіне қатысу мүмкіндігіне ие болды.
Дәріс барысында француз халықаралық қатынастар және геосаясат ғалымдары халықаралық қатынастарды зерттеуде қолданатын негізгі әдістер талқыланды. Робен Летеррье француз зерттеушілерінің қолданатын зерттеу тәсілдері туралы өз тәжірибесімен бөлісіп, француз геосаяси мектебіне тән ерекше көзқарастар мен талдау тәсілдерінің маңыздылығын атап өтті.
Қазіргі уақытта Робен Летеррье MNU-де шақырылған зерттеуші ретінде қызмет атқарып жатыр. Оның зерттеу сапары MNU мен Париж 8 университеті арасындағы академиялық алмасуды дамытуға және студенттердің білім тәжірибесін байытуға бағытталған ынтымақтастық келісімі аясында жүзеге асуда.
Бұл іс-шара екі университет арасындағы нәтижелі серіктестіктің айқын дәлелі болып, біздің ынтымақтастығымызды нығайтуға зор үлес қосты. Университет ұжымы Робен Летеррьеге мазмұнды әрі қызықты дәрісі үшін шынайы алғысын білдіреді және ол біздің академиялық ортаның дамуына елеулі үлес қосты.
21.07.2024
Париж VIII университетінің докторанты және geode орталығының зерттеушісі Робен Летерриердің дәрісі
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
14.09.2026
Алтын Орда: MNU-да француз тарихшысының кітабы таныстырылды
Елордалық академиялық қоғамдастыққа француз тарихшысы және зерттеушісі Мари Фавероның «Алтын Орда. Дала империясы әлемді қалай...
11.09.2026
MNU-да Халықаралық құқық қауымдастығының Орталық Азиядағы алғашқы бөлімшесі ашылды
Астанада Халықаралық құқық қауымдастығының (ILA) Орталық Азиядағы алғашқы бөлімшесі іске қосылды. Ресми тұсаукесер Maqsut Narikbayev...
07.09.2026
AI + X: MNU-да жасанды интеллект саласындағы жаңа білім беру бағдарламасының ашылуы өтті
Maqsut Narikbayev University-де (MNU) AI + X – жасанды интеллект саласындағы жаңа білім беру бағдарламасының...