19 маусым күні Экономика халықаралық мектебінің “Theories of International Relations” пәнінің студенттері Париж 8 университетінің PhD докторанты және Францияның Геосаясат институтындағы (IFG) GEODE (Деректер кеңістігінің геосаясаты) зерттеу орталығының зерттеушісі Робен Летеррьенің қонақ дәрісіне қатысу мүмкіндігіне ие болды.
Дәріс барысында француз халықаралық қатынастар және геосаясат ғалымдары халықаралық қатынастарды зерттеуде қолданатын негізгі әдістер талқыланды. Робен Летеррье француз зерттеушілерінің қолданатын зерттеу тәсілдері туралы өз тәжірибесімен бөлісіп, француз геосаяси мектебіне тән ерекше көзқарастар мен талдау тәсілдерінің маңыздылығын атап өтті.
Қазіргі уақытта Робен Летеррье MNU-де шақырылған зерттеуші ретінде қызмет атқарып жатыр. Оның зерттеу сапары MNU мен Париж 8 университеті арасындағы академиялық алмасуды дамытуға және студенттердің білім тәжірибесін байытуға бағытталған ынтымақтастық келісімі аясында жүзеге асуда.
Бұл іс-шара екі университет арасындағы нәтижелі серіктестіктің айқын дәлелі болып, біздің ынтымақтастығымызды нығайтуға зор үлес қосты. Университет ұжымы Робен Летеррьеге мазмұнды әрі қызықты дәрісі үшін шынайы алғысын білдіреді және ол біздің академиялық ортаның дамуына елеулі үлес қосты.
21.07.2024
Париж VIII университетінің докторанты және geode орталығының зерттеушісі Робен Летерриердің дәрісі
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
07.10.2026
MNU студенттері тағы бір мәрте Қаржылық қауіпсіздік бойынша халықаралық олимпиадасының жүлдегерлері атанды
Maqsut Narikbayev University студенттері VI Қаржылық қауіпсіздік бойынша халықаралық олимпиадасына қатысты. Олар ірі сайыстың жүлдегерлері...
06.10.2026
MNU IT мамандарға арналған вайб-кодинг бойынша Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды
Maqsut Narikbayev University қызметкерлері AlgoBatyr 2026 корпоративтік IT мамандарына арналған вайб-кодинг бойынша алғашқы Қазақстан чемпионатының...
05.10.2026
MNU Индонезияның жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты кеңейтуде
Maqsut Narikbayev University (MNU) Индонезияның жетекші университеттерімен ынтымақтастықты кеңейтуде. Жоғары оқу орны мен Айрлангг университеті...