MNU Logo
Туризм және қонақ үй бизнесіндегі менеджмент: MNU-да жаңа бағдарламаға студенттерді қабылдау жалғасуда - MNU

07.08.2026

Туризм және қонақ үй бизнесіндегі менеджмент: MNU-да жаңа бағдарламаға студенттерді қабылдау жалғасуда

Maqsut Narikbayev University-де «Туризм және қонақ үй бизнесіндегі менеджмент» жаңа білім беру бағдарламасы іске қосылды. Оқуға түсу үшін құжаттар осы жылдың 25 тамызына дейін (қоса алғанда) қабылданады.

Бакалавриат бағдарламасы MNU Жоғары гуманитарлық мектебінің базасында жүзеге асырылады. Мамандық заманауи нарық сұраныстары мен индустрия стандарттарына толық бейімделген. Студенттер басқарушылық білім алып, цифрлық технологиялар, талдау құралдарын және бизнесте жасанды интеллектіні қолдануды үйренеді.

Бағдарлама заманауи бизнес-модельдер, стратегиялық менеджмент, маркетинг, қаржы және клиенттік тәжірибені басқаруды зерделеуді қамтиды. Сонымен қатар ЖИ-ді пайдалану, сервисті автоматтандыру, деректерді талдау, сұранысты болжау мен қызметтерді дербестендіруге ерекше көңіл бөлінеді. Түлектер нарықты талдап, бизнес-жоспарлар әзірлеп, өз жобаларын іске қосып, олардың қаржылық көрсеткіштерін басқара алады.

Бағдарламаны іске асыру практикаға бағдарланған оқыту қағидаттарына негізделеді. Студенттер қолданбалы бизнес-кейстер мен стартап бастамаларды шешуге қатысады және жетекші отандық пен халықаралық компанияларда кәсіби тағылымдамадан өтеді. Ал практикалық дағдыларды бекіту үшін қосымша алаң ретінде ішкі туризмді дамытуға бағытталған MNU Travel туристік агенттігі болады.

Сондай-ақ білім алушылар жеке оқу жоспарын құрып, қосымша екі мамандануды (minor) игере алады. Оларға стартаптарды басқару, туризмдегі ЖИ, тұрақты туризм және қонақ үй мен мейрамхана бизнесін басқару салаларындағы бағыттар қолжетімді. Бұдан басқа, студенттер екінші шет тілін (қытай, түрік, испан, итальян, француз немесе неміс) тереңдетіп оқиды.

Бағдарлама туризм мен қонақжайлылық индустриясы үшін ЖИ пайдалана отырып, инновациялық бизнес үлгілерді дербес жобалауға және іске қосуға қабілетті кәсіпкерлер мен менеджерлерді дайындайды. Айта кетейік, «Атамекен» ҚР ҰКП білім беру бағдарламаларының рейтингіне сәйкес MNU елімізде қонақжайлылық саласында үздік кадрлар даярлайтын үш жоғары оқу орнының қатарына кіреді. Сонымен қатар университет бағдарламалары QAA, FIBAA, АССА, CIMA, ICAEW, GARP, CFA Institute, HRCI, CIM және IQAA сияқты жетекші халықаралық агенттіктерімен аккредиттелген.

MNU-ға оқуға түсу шарттары туралы толық ақпаратты осы сілтеме бойынша алуға болады.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз