MNU Logo
MNU-да ағылшын тілінен халықаралық емтиханға дайындықтың әдістемелері туралы айтылды - MNU

12.06.2026

MNU-да ағылшын тілінен халықаралық емтиханға дайындықтың әдістемелері туралы айтылды

Астана қаласының ағылшын тілі пәнінің оқытушыларына халықаралық емтиханға сәтті дайындықтың әдістемелері туралы айтылды. Maqsut Narikbayev University-де «TOEFL Experience Day» оқу семинары өтті.

Іс-шара аясында сарапшылар «TOEFL iBT» халықаралық емтиханының құрылымын, оқу секцияларының ерекшеліктерін және академиялық мәтіндермен жұмыс істеу әдістемесін егжей-тегжейлі талдады. Олар оқушылардың күрделі тіл құрылымдарын түсіну дағдыларын дамытуға арналған практикалық құралдармен бөлісті, сондай-ақ бағалаудың объективті жүйелерін құру бойынша ұсынымдарымен таныстырды. Семинар американдық «Educational Testing Service» ірі коммерциялық емес ұйымымен бірлесіп ұйымдастырылды.

«Іс-шараның еліміздің білім беру саласын дамыту мақсатында маңызы зор. Біздің білім беру бағдарламаларымыз заман талабына сай өзгеруде және біз оларға уақытылы маңызды түзетулер енгізгіміз келеді. Сонымен қатар «TOEFL Experience Day» жемісті ынтымақтастық үшін тамаша алаңға айналды», – деді MNU Жоғары гуманитарлық мектебінің деканы Жәмиля Бопурова.

«TOEFL Experience Day» халықаралық емтихандар арқылы таланттарды дамытуды қолдаумен айналысатын оқытушылар мен мамандарды біріктіреді. Іс-шара «TOEFL iBT» емтиханы өткізілетін елдерде өткізіледі. Семинарға қатысушылар заманауи білім беру ортасы жағдайында халықаралық емтихандарға дайындықтың тиімді траекторияларын құру үшін «ETS» өкілдері мен MNU-дың тәжірибелі оқытушыларына бірқатар сұрақтар қойды.

Айта кетейік, бұған дейін MNU-да «Лингвистика (TESOL) және аудармадағы технологиялар» жаңа білім беру бағдарламасы іске қосылғаны туралы жарияланған болатын.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз