MNU Logo

Халықаралық Экономика Мектебі

10:06, 23.06.2025

Жастарды қолдау:MNU студенттерінің үздік бизнес жобасына 10 мың доллар берілді

«Principles of Management» пәнінің кезекті курсының қорытындысы бойынша Maqsut Narikbayev University студенттерінің үздік бизнес жобасы анықталды. Жеңімпаздар ақшалай сертификатпен марапатталды. Бірінші орынды Халықаралық экономика мектебінің студенттері Сымбат Әнуарбек, Құнайым Балсейітова, Ақнұр Сейітова және Айлана Сүлейманова иеленді. Олардың бизнес жобасы курс оқытушысы, MNU Senior Lecturer-ы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдарбек Қожаназаровтан 10 мың доллар алды. Айта кетейік, ақшалай сыйлықпен […]

01:05, 16.05.2025

Біз халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаймыз – MNU ХЭМ деканы Сәуле Кемелбаева

Maqsut Narikbayev University (MNU) білім беру бағдарламаларының басым бөлігі Халықаралық экономика мектебінде (ХЭМ) ұсынылған. Мектеп бағдарламалары беделді аккредиттеуден өтуде, студенттер түрлі жарыстарда жеңіске жетіп, жаңа магистратура іске қосылуда. Халықаралық экономика мектебінің 20 жылдығы қарсаңында декан Сәуле Кемелбаева жүзеге асырылған жобалар мен болашаққа арналған жоспарлар туралы толығырақ айтып берді. – Сәуле Сұлтанқызы, университетте кезекті академиялық жыл […]

08:05, 16.05.2025

MNU-да халықаралық қатынастар бойынша алғашқы студенттік конференция өтті

2025 жылғы 15 мамырда Maqsut Narikbayev University жанындағы Жаһандық және өңірлік басқару орталығы (CEGREG) халықаралық қатынастар, сыртқы саясат және дипломатия бойынша алғашқы студенттік конференция өткізді. «Жаһандық белгісіздікті еңсеру: Орталық Азия және халықаралық тәртіптің болашағы» тақырыбындағы конференция CEGREG-тің студенттік зерттеулер мен академиялық белсенділікті дамытуға ұмтылысын көрсететін маңызды оқиға болды. Іс-шараға Maqsut Narikbayev University, Astana IT University […]

01:05, 14.05.2025

Экономика, қаржы, бизнес-зерттеулер: MNU-да ғылыми-практикалық конференция өтті

Maqsut Narikbayev University-де (MNU) III ғылыми-практикалық ISE MNU Student Research Conference – 2025 конференциясы өтті. Дәстүрлі іс-шара MNU құрметті ректоры, мемлекет және қоғам қайраткері Мақсұт Нәрікбаевтың 85 жылдығына орай ұйымдастырылды. Конференцияға Maqsut Narikbayev University, Astana IT University, Almaty Management University студенттері мен магистранттары, сондай-ақ Қарағанды, Көкшетау және Петропавл қалаларынан Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары қатысты. Жас […]

Біз бизнес, мемлекеттік басқару және азаматтық қоғам үшін

• зерттеу мен салалық тәжірибе арасындағы синергияны қамтамасыз ету,

• оқыту, зерттеу және басқаруда озық мәдениетті қалыптастыру,

• әртүрлі әлеуметтік ортадан шыққан студенттерге мүмкіндік беру арқылы халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаймыз.

Өсуге жеткізетін білім

Құндылықтарымыз:      • Кәсібилік            • Есеп берушілік пен ашықтық        • Дамуды мақсат қылу (growth mindset)

Осы құндылықтарды ұстана отырып, біз қауымдастығымыздың әрбір мүшесіне өсуге жол ашамыз.

Халықаралық экономика мектебі 2005 жылы КАЗГЮУ Университеті Директорлар кеңесінің шешімімен құрылды. ХЭМ келесі құрылымнан тұрады:

 

Іскерлік кеңес – ХЭМ даму стратегиясын анықтайтын ұйымның құрылымындағы ресми орган. Іскерлік кеңестің мүшелері мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор мен жеке компаниялардың топ-менеджерлері болып табылады. Жыл сайынғы ХЭМ Іскерлік кеңесінің жиналыстарында ХЭМ шешім қабылдаушы тараптар салалық күн тәртібімен танысады, еңбек нарығының талаптарына сәйкес білім беру мазмұнын қалыптастыруға көмектеседі.

 

ХЭМ комитеті – мектеп деңгейіндегі өзін-өзі басқару органдары. Комитеттер құрамына профессорлық-оқытушылық құрам (дауыс беретін мүшелер) және ХЭМ барлық әкімшілік құрамы кіреді (дауыс бермейді).

 

Жаһандық және Аймақтық Басқару Орталығы (CEGREG) 2024 жылы Қазақстанның Астана қаласындағы Maqsut Narikbayev University Халықаралық экономика мектебі жанынан құрылды. Орталық халықаралық қатынастар саласындағы зерттеулерді ілгерілетуге бағытталған және жаһандық пен аймақтық басқару мәселелеріне ерекше назар аударады. Оның мақсаты – халықаралық қатынастарды зерттеуді жаһандық және аймақтық тәртіпке әсер ететін басқару жүйелерін талдаумен ұштастыра отырып, Қазақстан мен Орталық Азияның ұстанымдары мен көзқарастарына басымдық беруге ұмтылады.

 

Экономикалық зерттеулер орталығы — Maqsut Narikbayev University құрамындағы алдыңғы қатарлы ғылыми институт. Ол жергілікті және жаһандық деңгейлерде өзекті экономикалық мәселелерге қатысты инновациялық шешімдер әзірлеумен айналысады. Орталықтың миссиясы – экономикалық білімді тарату және саясат қалыптастыруда, бизнес жүргізу тәсілдерін айқындауда, сондай-ақ қоғамдық әл-ауқатты арттыруда негіз бола алатын ғылыми дәлелденген ақпарат ұсыну.

 

Академиялық сапа бойынша комитет магистратура және бакалавриат бағдарламаларының академиялық сапасын үнемі қадағалап отырады, академиялық бағдарламаларды, оқу жоспарлары мен пән силлабустарын, емтихан тапсырмаларын және дипломдық жұмыстардың тақырыптарын қарастырады және бекітеді. Комитет құрамына оқытушылар мен әкімшілік құрамнан басқа академиялық бағдарламалардың координаторлары мен студенттері кіреді. ХЭМ қызметкерлерін бағалау және дамыту комитеті мұғалімдердің жұмысын жылына екі рет бағалайды және қажет болған жағдайда жаңа мұғалімдерді қабылдауға қатысады. Сонымен қатар, Комитет үнемі саясатты және академиялық құрамды бағалау мен дамытуға қатысты мәселелерді талқылайды. ХЭМ және Этика комитеті тәртіптік және этикалық мәселелерді, атап айтқанда ХЭМ студенттері мен оқытушыларының шағымдары, студенттердің, қызметкерлер мен оқытушылардың академиялық адалдық кодексін бұзуын, зерттеулерге байланысты этикалық мәселелерді және т.б. мәселелерді қарастырады.

 

ХЭМ Ғылыми зерттеу комитетінің мақсаты – студенттер мен оқытушылар жүргізетін зерттеу жобаларын бағалау және этикалық нормалардың сақталуын қамтамасыз ету. Сонымен қатар, Комитет диссертациялық жұмыстардың тақырыптарын бекіту үшін де жауап береді.

 

ХЭМ басқармасы декан, вице-декан, эдвайзерлер кеңсесі, мансап, практика және жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері, жоғары оқу орнынан кейінгі және қашықтықтан білім алу бойынша тьютор-менеджерден тұрады.

 

Халықаралық экономика метебі жеті бакалавриат бағдарламасын, үш магистратура бағдарламасын және бір PhD бағдарламасын ұсынады (қосымша ақпарат «Қабылдау комиссиясы және көмек» бөлімінде көрсетілген).

Білім беру бағдарламалары

2023-2024

MNU университеті аналитикалық ойлауды, өнертапқыштықты, мәселелерді практикалық шешуді және қоғамға қызмет етуді ынталандыратын жаңа идеяларды бағалайды.

Бакалавр деңгейі
Магистр деңгейі
Докторантура

Маркетинг

Сипаттама:

Маркетинг саласындағы іскери әкімшілендіру (BBA) студенттерді маркетинг мамандары ретінде қажетті аналитикалық және практикалық дағдылармен қамтамасыз етуге арналған бағдарлама. Бағдарлама студенттерді маркетинг саласында стратегиялық шешімдер қабылдауды үйретуге баса назар аударады. Бұл оларға нарықты зерттеуге, тұтынушылардың мінез-құлқын бағалауға және әртүрлі салалардағы бәсекеге қабілетті бизнес ортасында табысқа жету үшін қажетті стратегияларды әзірлеуге мүмкіндік береді.

Толығырақ

Менеджмент

Сипаттама:

Менеджмент саласындағы іскерлік әкімшілендіру (BBA) бакалавриат бағдарламасы студенттерге менеджменттің теориялық және практикалық аспектілері туралы жан-жақты түсінік беруге, оларды халықаралық және жергілікті бизнесті жүргізуде қажетті дағдыларды дамытуға бағытталған.

Толығырақ

IT

Сипаттама:

Ақпараттық технологиялар саласындағы іскери әкімшілендіру (BBA) бағдарламасы ақпараттық технологиялар, бағдарламалау, деректер тану, мобильді және веб-технологиялар, экономика және бизнес салаларында алдыңғы қатарлы білімі мен дағдылары бар бизнестің әртүрлі мәселелерін тиімді шеше алатын мамандарды даярлауға бағытталған. Бұл бағдарламаның түлектері бизнес мақсаттарында экономикалық және іскерлік ортаны, операциялық және стратегиялық процестерді терең түсінетін IT мамандары ретінде халықаралық және жергілікті компанияларда мансап құруға дайын болады.

Толығырақ

Халықаралық қатынастар

Сипаттама:

Халықаралық қатынастар бакалавры студенттерді үкіметте, халықаралық ұйымдарда, жаһандық ҮЕҰ-да, корпоративтік бизнесте және талдау орталықтарында мансапқа дайындайды. Студенттер озық аналитикалық, лингвистикалық және мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларын, сондай-ақ сыртқы саясат пен жаһандық басқару саласындағы шешім қабылдау процестерін терең түсінеді.

Толығырақ

Қаржы

Сипаттама:

Қаржы саласындағы Іскерлік әкімшілендіру (BBA) бағдарламасы студенттерді инвестициялық банкинг, қаржылық жоспарлау, корпоративтік қаржы және қаржы нарықтарындағы институттарда мансап құруға дайындауды мақсат етеді.

Толығырақ

Экономика және деректер ғылымы

Сипаттама:

Экономика және деректер ғылымы саласындағы іскерлік әкімшілендіру бакалавры (BBA) бағдарламасы қазіргі заманғы бизнес туралы теориялық білімі бар және деректерді басқару, кодтау, визуализация және талдау дағдыларын қоса алғанда, экономика саласында да, ақпараттық технологиялар саласында да жан-жақты дағдылары бар мамандарды даярлауға бағытталған.

Толығырақ

Бухгалтерлік есеп

Сипаттама:

Бухгалтерлік есеп саласындағы іскерлік әкімшілендіру (BBA) бағдарламасы бухгалтерлік есеп және қаржы саласында теориялық білімі бар, Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын меңгерген, халықаралық және жергілікті еңбек нарығында  жеткілікті кәсіби құзыреттері мен техникалық дағдылары бар мамандарды даярлауға бағытталған.

Толығырақ

Саясаттану және халықаралық қатынастар

Сипаттама:

Бағдарлама халықаралық қатынастар саласында терең аналитикалық және зерттеу құзыреттеріне ие жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған.

Толығырақ

Экономика

Сипаттама:

Экономика бойынша ғылыми-педагогикалық магистратура бағдарламасы жергілікті жағдайға бейімделе отырып, халықаралық білім беру стандарттарына сәйкес келеді. Бағдарлама студенттердің аймақтық еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие бизнестің микро және макроортасын талдау дағдыларын дамытуға бағытталған. Бағдарлама түлектері академиялық ортада, ұлттық және халықаралық ғылыми ұйымдарда, қаржы институттарында және корпоративтік ұйымдарда мансап құруға дайын болады.

Толығырақ

Қаржы

Сипаттама:

Магистрлік бағдарлама CFA (CBOK) бойынша білім беру бағдарламасының кем дегенде 70 пайызын қамтиды және CFA институтының Этика кодексі мен тәжірибе стандарттарына ерекше назар аударатын бағдарлама ретінде танылады. Бұл студенттерге Chartered Financial analyst® (CFA) атағын алуға мүмкіндік беретін әлемдегі ең құрметті және танымал инвестициялық сертификат. Сонымен қатар, бағдарлама GARP Financial Risk Manager (FRM®) сертификатталған бағдарламасының мазмұнын қамтиды.

Толығырақ

Экономика саласындағы PhD

Сипаттама:

Экономика саласындағы PhD бағдарламасы академиялық және ғылыми мансап құру үшін экономика саласындағы эмпирикалық зерттеулерге баса назар аудара отырып, болашақ кәсіби зерттеушілерді қалыптастыру үшін нақты теориялық білім мен практикалық зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған.

Толығырақ

Академиялық ұтқырлық

Серіктес ЖОО

Жыл сайын, қыркүйек және қазан айларында (көктемгі семестрге өтініш беру үшін), сондай-ақ наурыз және сәуір айларында (күзгі семестрге өтініш беру үшін) университеттің халықаралық бөлімі студенттерді екіжақты келісімдер мен меморандумдар шеңберінде біздің серіктес университеттерге 1-2 семестрге оқуға жібереді.

Іріктеу критерийлері

2 немесе 3 курс студенттері
GPA 2,5 не жоғары
Ағылшын тілінің деңгейі B2 не жоғары

Серіктестер

Академиялық каталог
Академиялық күнтізбе
Академиялық саясат
Бакалавриат
Магистратура
Докторантура

Бакалавриат

Мереке және демалыс күндері
1 Қаңтар
Жаңа жыл
8 Наурыз
Халықаралық әйелдер күні
21-23 Наурыз
Наурыз мейрамы
1 Мамыр
Қазақстан халықтарының бірлігі күні
7 Мамыр
Отан қорғаушылар күні
9 Мамыр
Жеңіс күні

Магистратура

Мереке және демалыс күндері
1 Қаңтар
Жаңа жыл
8 Наурыз
Халықаралық әйелдер күні
21-23 Наурыз
Наурыз мейрамы
1 Мамыр
Қазақстан халықтарының бірлігі күні
7 Мамыр
Отан қорғаушылар күні
9 Мамыр
Жеңіс күні

Докторантура

Мереке және демалыс күндері
1 Қаңтар
Жаңа жыл
8 Наурыз
Халықаралық әйелдер күні
21-23 Наурыз
Наурыз мейрамы
1 Мамыр
Қазақстан халықтарының бірлігі күні
7 Мамыр
Отан қорғаушылар күні
9 Мамыр
Жеңіс күні
Қосымша мамандандыру бағдарламалары

Академиялық сапа комитеті

ХЭМ Академиялық сапа комитеті бакалавриат және магистратура бағдарламаларының академиялық сапасына жауапты. Комитеттің функцияларына академиялық бағдарламаларды, оқу жоспарларын, пән силлабустарын, емтихан тапсырмаларын бекіту және басқа да міндеттер кіреді. Оның дауыс беретін мүшелері қатарында оқытушылар, бағдарламалар жетекшілері және ХЭМ студент өкілдері бар, мектеп әкімшілігі дауыс беру құқығына ие емес.

Ляззат Хайруллина
Академиялық сапа комитетінің Төрағасы, Teaching Professor, Marketing Track Leader
Куралай Рысбекова
Adjunct Assistant Professor, ACCA and CIMA Track Leader
Жанар Алдамбергенова
Adjunct Assistant Professor, CFA and ICAEW Track Leader
Станислав Югай
Teaching Professor,"Қаржы", "Экономика", "Есеп және аудит" Білім беру бағдарламаларының жетекшісі
Артур Утебаев
Teaching Professor, "Халықаралық қатынастар" бағдарламасының жетекшісі
Гузель Тулегенова
Teaching Professor, "Бизнес және Менеджмент" Білім беру бағдарламаларының жетекшісі
Ердәулет Абсаттар
"Бизнес IT" білім беру бағдарламасының жетекшісі
Сауле Кемелбаева
Декан
Айжан Токтабаева
Бакалавриат жөніндегі вице-декан
Асем Калкаманова
Жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалар, ғылым және даму жөніндегі вице-декан
Жан-Төре Аязбеков
Академиялық қолдау және жұмыспен қамту жөніндегі вице-декан
Бибихажар Салимова
Эдвайзерлер кеңсесінің жетекшісі
Адильхан Оспанов
3 курс студенті
Асия Даулет
Комитет хатшысы, Эдвайзер

ХЭМ қызмет нәтижелерін бағалау және қызметтік жоғарылату комитеті

ХЭМ қызмет нәтижелерін бағалау және қызметтік жоғарылату комитеті оқытушылар құрамын бағалауды (жылына екі рет) және қабылдау үрдісін (қажет болған жағдайда) жүргізеді. Сонымен қатар, ол тұрақты түрде академиялық құрамды бағалау және жоғарылату мәселелері мен саясаттарын талқылауға қатысады.

Айбек Сағынаев
ХЭМ қызмет нәтижелерін бағалау және қызметтік жоғарылату комитетінің Төрағасы, Teaching Professor, Supply Chain Management Track Leader
Куралай Рысбекова
Adjunct Assistant Professor, ACCA and CIMA Track Leader
Жан-Төре Аязбеков
Академиялық қолдау және жұмыспен қамту жөніндегі вице-декан

ХЭМ Этика комитеті

ХЭМ Этика комитеті тәртіптік және этикалық мәселелерді, атап айтқанда, ХЭМ студенттері мен оқытушыларының шағымдарын, студенттердің, қызметкерлер мен оқытушылардың мінез-құлық кодексін бұзушылықтарын, зерттеулерге байланысты этикалық мәселелерді және т.б. сұрақтарды қарастырады. Комитет шешуші дауыс құқығы бар профессорлық-оқытушылық құрамының мүшелерінен және дауыс беру құқығы жоқ әкімшілік қызметкерлерден тұрады.

Сайланған өкілдер

Ярослава Савина
Этика комитетінің Төрағасы, Teaching Professor
Канат Исабек
Senior Lecturer
Мухтар Тилеукулов
ХЭМ мансап және жұмыспен қамту орталығының менеджері
Альбина Кумисбаева
4 курс студенті
Сәуле Кемелбаева
Декан
Айжан Токтабаева
Бакалавриат жөніндегі вице-декан
Асем Калкаманова
Жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалар, ғылым және даму жөніндегі вице-декан
Жан-Төре Аязбеков
Академиялық қолдау және жұмыспен қамту жөніндегі вице-декан

АСК шешуші дауыс құқығы бар мүшелері:

Гузель Тулегенова, Бизнес және менеджмент бойынша білім беру бағдарламаларының басшысы

Станислав Югай, Қаржы, экономика және бухгалтерлік есеп бойынша білім беру бағдарламаларының басшысы

Куралай Казихан, Эдвайзер

Жанара Алдамбергенова, CFA және ICAEW бағыттарының жетекшісі

ХЭМ Ғылыми-зерттеу комитеті

ХЭМ Ғылымизерттеу комитеті зерттеу этикасы саясатының сақталуын қадағалайды. Бұл саясат ISE қызметкерлері мен студенттері үшін ғылыми зерттеулердің этикалық қағидалары мен нормаларын, зерттеу жобаларын этикалық сараптаудан өткізу тәртібін, зерттеу этикасын бұзушылықтардың тізімін, олар үшін қолданылатын санкция түрлерін және оларды орындау рәсімдерін айқындайды.

Икболджон Корабоев
ХЭМ Ғылыми-зерттеу комитетінің Төрағасы, Professor
Далия Каскирбаева
Assistant Professor
Эльмира Мынбаева
Assistant Professor
Бауыржан Рахметов
Assistant Professor
Нығметжан Кузенбаев
Assistant Professor
Бинұр Ермұқанова
Assistant Professor
Тимур Когабаев
Teaching Professor
Сауле Кемелбаева
Декан
Айжан Токтабаева
Бакалавриат жөніндегі вице-декан
Асем Калкаманова
Жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалар, ғылым және даму жөніндегі вице-декан
Жан-Төре Аязбеков
Академиялық қолдау және жұмыспен қамту жөніндегі вице-декан
Әсел Бибек
Ассистент, Комитет хатшысы

ХЭМ студенттері үшін қос диплом алу мүмкіндіктері

Халықаралық экономика мектебінің (ISE) студенттері Maqsut Narikbayev University (MNU) білім беру бағдарламасымен қатар, шетелдік серіктес университеттен екінші академиялық дәреже алуға мүмкіндік алады – мұның бәрі стандартты 4 жылдық бакалавриат бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.

 

Іріктеу критерийлері

Қос дипломды бағдарламаға қатысу үшін студенттер келесі талаптарға сай болуы керек:

  • MNU-де белгіленген кредит санын сәтті аяқтау;
  • Ең төменгі GPA – 3.0\* (Hof университеті үшін – 2.67 GPA);
  • Ағылшын тілін B2 деңгейінде немесе одан жоғары меңгеру.

 

Бағдарламаның құрылымы және шарттары

  • Студенттер оқуын MNU мен серіктес университетте бірлесіп әзірленген оқу жоспары мен бағдарлама форматына сәйкес аяқтайды (мысалы, 3+1, 2+2, 1+3);
  • Қабылдау сұхбаттары MNU-дың ішкі іріктеу рәсімдеріне сәйкес жүргізіледі;
  • Оқу форматы – екі оқу орнында да күндізгі бөлім;

 

Оқуды бітіргеннен кейін студенттер екі диплом алады:

  • MNU бакалавр дәрежесі;
  • Серіктес университеттің танылған халықаралық дәрежесі.

 

 

СЕРІКТЕС УНИВЕРСИТЕТТЕР МЕН МАМАНДЫҚТАР

 

HOF UNIVERSITY OF APPLIED SCIENCES (ГЕРМАНИЯ)
Баварияда орналасқан заманауи университет, бизнес, ақпараттық технологиялар және инженерия бағыттары бойынша тәжірибеге негізделген білім бағдарламаларын ұсынады.
Бағдарлама форматы: 3+1 (1 оқу жылы: 3 жылдың 2 семестрі+4 жылдың 1 семестрі)
Оқу ақысы: Тегін
Әкімшілік алым ~€100
Мамандықтар: Барлық BBA (Қаржы, Бухгалтерлік Есеп, Менеджмент, Маркетинг, Экономика және Деректер Ғылымы, IT)
Талаптар:

  • IELTS ≥ 5.0
  • GPA ≥ 2.67
  • 120 ECTS
  • Сұхбат және мотивациялық хат
  • Бұғатталған есептік жазба: жылына €11,904

Тұру шығындары:

  • Жатақхана: айына 350-400 евро + 500 евро депозит
  • Азық-түлік және басқа тауарлар: аптасына 30 евродан бастап

Жылдық квота: 4 студент (Бизнес), 4 студент (IT)

 

 

SOLBRIDGE INTERNATIONAL SCHOOL OF BUSINESS (ОҢТҮСТІК КОРЕЯ)

AACSB аккредитациясы бар Теджондағы жоғары деңгейлі ағылшын-орта бизнес мектебі.

Бағдарлама форматтары:

  • 3+1: 4 жыл SolBridge-де
  • 2+2: 3 және 4 жыл SolBridge-де

Оқу ақысы: жылына ~ 12,000  АҚШ доллары

Стипендиялар: Өтініш беру кезінде GPA және IELTS нәтижелеріне байланысты бірінші семестрге 30–90% көлемінде жеңілдік беріледі; стипендияны одан әрі сақтау SolBridge университетіндегі академиялық үлгерімге (GPA) байланысты.

Мамандықтар: Барлық BBA бағдарламалары

Талаптар:

  • IELTS ≥ 6.0
  • GPA ≥ 3.0
  • 120 кредит (2+2), 180 кредит (3+1)
  • Сұхбатжәне мотивациялықхат

Тұру шығындары:

  • Жатақхана: жылына 1,500–2,000 АҚШ доллар
  • Азық-түлік: жылына 1,500–2,000 АҚШ доллар
  • Сақтандыру: жылына 600–1,000 АҚШ доллар

 

 

EXCELIA GROUP (ФРАНЦИЯ)

Ла-Рошель, Тур және Париж қалаларында кампустары бар, үш халықаралық аккредитацияға ие француздық бизнес-мектеп.

Бағдарлама форматы: 3+1

Оқу ақысы: жылына ~€12,400

Әкімшілік алым: €400–500

Мамандықтар: Қаржы, Бухгалтерлік Есеп, Менеджмент, Маркетинг, Экономика және Деректертану саласындағы BBA

Талаптар:

  • IELTS ≥ 6.0
  • GPA ≥ 3.0
  • 120 ECTS
  • Сұхбатжәне мотивациялықхат

Тұру шығындары:

  • Тұрғын үй: айына 400-500 евро
  • Азық-түлік: айына 400-500 евро

 

 

MONTPELLIER BUSINESS SCHOOL (ФРАНЦИЯ)

Montpellier Business School (MBS) – академиялық шеберлігімен, халықаралық көзқарасымен және үш мәрте аккредитациясымен танымал Францияның жетекші бизнес мектептерінің бірі (AACSB, AMBA, EQUIS).

Financial Times 2024 рейтингі бойынша аталған оқу орнының «Менеджмент» магистрлік бағдарламасы әлем бойынша 47-орынды және Францияда 11-орынды иеленді. Ал Le Figaro 2024 мәліметінше, MBS француз бизнес-мектептері арасында 12-орынға ие болды.

Жерорта теңізінің жағалауында орналасқан, мәдениеті бай әрі серпінді Монпелье қаласында орналасқан бұл мектеп студенттерге тағылымдама мен мансаптық мүмкіндіктердің кең ауқымына қол жеткізуге жол ашады. Париж бен Барселонаға пойызбен небәрі 3 сағатта жетуге болады.

Бағдарлама форматтары:

  • 3+2: Бакалавриат + 2 жылдық MBS «Менеджмент» магистрлік бағдарламасы
  • 4+1: MNU бакалавриаты + 1 жылдық MBS «Ғылым магистрі» (MSc) бағдарламасы

Магистрлік бағдарламалар (4+1 MSc бағыты бойынша):

  • MSc Global Finance
  • MSc Digital Marketing & Omnichannel Strategy
  • MSc Luxury Marketing in a Sustainable World
  • MSc International Business
  • MSc Complex Project Management
  • MSc Digital Transformation & Business Consulting
  • MSc Supply Chain Management
  • MSc Big Data & Artificial Intelligence for Business

Оқу ақысы:

  • MSc (4+1): жылына €16,900
  • Master in Management (3+2): жылына €14,400
  • Өтінімақысы: €3,000

Мамандықтар: Барлық BBA бағдарламалары және Халықаралық қатынастар бакалавриаты (International Business мамандануымен)

Кіру талаптары:

  • Сұхбат
  • Ағылшынтілін меңгерутесті
  • Логикалықтест
  • Түйіндемежәне мотивациялықхат

Тұру шығындары:

  • Тұрғын үй: айына 400-600 евро
  • Азық-түлік: айына 200-300 евро

 

 

* Барлық шығындар шамамен есептелген және 2025 жылғы болжамдар негізінде көрсетілген..

Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз