Халықаралық журналистика мектебі – университеттің қарқынды дамып келе жатқан құрылымдық бөлімшесі. Мектеп 2023 жылы елдегі жетекші медиа-холдинг – Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешенімен серіктестік негізінде ашылды.
Мектеп академиялық тереңдікке, практикалық тәжірибеге және журналистикаға қатысты жаһандық жаңашылдықтарға басымдық береді. Еліміздегі алдыңғы қатарлы медиаплатформалармен серіктестіктің нәтижесінде студенттер түрлі редакцияларда және халықаралық жобаларда жұмыс жасап, шынайы тәжірибе жинайды.
Қазіргі таңда Мектепте «Халықаралық журналистика» атты бірегей білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Мақсаты – сыни тұрғыдан ойлай алатын, үлкен деректермен жұмыс істей білетін және әлемдік үрдістерді терең түсінетін жаңа кәсіби журналистер буынын даярлау.
Maqsut Narikbayev University Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешенімен табысты серіктестікті дамытуда. Еліміздің ірі медиахолдингі Халықаралық журналистика мектебінің студенттері мен түлектері үшін бірегей мүмкіндіктер ұсынады. Белсенді серіктестік 2023 жылдан бастап меморандум аясында жалғасуда. Бұл талантты жастарды қолдау мен кәсіби дамытудағы, қоғам мен мемлекеттің заманауи коммуникативтік сұраныстарына жауап беретін журналистік корпусты қалыптастырудағы маңызды қадам. Қол қойылған құжат аясында […]
Maqsut Narikbayev University-де ҚР Конституциялық Сот судьясы Роман Подопригораның дәрісі өтті. Ол журналистердің құқықтары мен міндеттері туралы айтып берді.Роман Подопригора Конституциялық Соттың рөлі мен функцияларына, оның қалыптасу тарихына, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы конституциялық нормалардың маңыздылығына тоқталды. Дәріс барысында конституциялық іс жүргізу тәжірибесіне және азаматтардың өтінімдеріне ерекше назар аударылды. Дәріс тыңдаушылары MNU Халықаралық журналистика мектебінің […]
Maqsut Narikbayev University-де Inbusiness.kz ақпараттық агенттігінің директоры және бас редакторы Арман Джакуб сөз сөйледі. Ол болашақ журналистерге қонақ дәріс өткізді. Тәжірибесі мол белгілі маман студенттерге іскерлік журналистиканың ерекшеліктері мен болашағы туралы айтып берді. Ол экономикалық тақырыптар бойынша сапалы материал дайындау үшін түрлі дереккөздермен тиімді жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ Арман Джакуб студенттердің ақпараттық агенттік редакциясында өндірістік […]
«Al Jazeera Week» жобасы келесі жылы жалғасын табады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені мен Al Jazeera Media Network басшылығының кездесуінің қорытындысы бойынша белгілі болды. Жуырда Дохада Президент Телерадиокешенінің директоры – Maqsut Narikbayev University Қамқоршылар кеңесінің мүшесі Раушан Қажыбаева мен Al Jazeera Media Network бас директоры Шейх Нассер бин Фейсал Әл Танидің келіссөздері өтті, онда ынтымақтастықты тереңдету және […]
Халықаралық журналистика мектебі – этиканы ұстанатын, жаһандық деңгейде ойлайтын және әлемнің кез келген нүктесінде, кез келген жағдайда жұмыс істей алатын журналистердің жаңа буын қалыптастыратын орта.
Біз үшін журналистика – жай ғана мамандық емес, қоғамға қызмет етудің, шындық пен жауапкершілік қағидаттарына адал болудың жолы. Біздің түлектер осы құндылықтарды қай жерде жұмыс істесе де сақтай біледі.Шындық, дәлдiк, тәуелсiздiк, адалдық, объективтiлiк және есеп беру сияқты журналистiк құндылықтар призмасы арқылы жаңалықтар мен оқиғаларды баяндауда, талдауда және беруде тәжiрибесi бар озық және бiлiктi журналистердi даярлауда көшбасшы болу.
Біз дарынды жастарды біріктіретін, академиялық мәдениет, инновациялар мен журналистиканың миссиясы тоғысқан орталық болуға ұмтыламыз.
Халықаралық журналистика мектебінің түлектері – жай ғана БАҚ қызметкерлері емес, қоғам пікірін қалыптастыратын көшбасшылар, сондай-ақ Қазақстанда және онан тыс жерлерде медианың дамуына ықпал ете алатын кәсіби мамандар.
ҚҰНДЫЛЫҚТАР:
ИНФРАҚҰРЫЛЫМ:
Халықаралық журналистика мектебі студенттердің практикалық білім алуына және шығармашылық қабілетін дамытуына толық мүмкіндік беретін заманауи инфрақұрылыммен жабдықталған.
Медиахаб и медиазертхана
Мектеп студенттері Медиахаб пен Медиазертхананы мейлінше кеңінен пайдалана алады. Бұл кеңістіктер заманауи компьютерлермен, бірнеше LCD-дисплейлермен және эргономикалық жұмыс орындарымен жабдықталған. Олардың техникалық базасына мультимедиалық кешендер, аудиовизуалды монтаждау мен продакшн жүйелері, деректерді визуализациялау және контент-менеджментке арналған қосымшалар, сондай-ақ веб-басылымдарға арналған арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету кіреді.
Техникалық қолдау
Мектеп студенттеріне жыл сайын жеке медиажобаларды жүзеге асыруға арналған жаңа жабдықтар сатып алынады. Құрал-жабдықтар саны 29-дан 50-ге дейін арттырылды. Камералар, штативтер, микрофондар, стабилизаторлар және 30 жарықтандыру жиынтығы алынды.
Біз студенттер медиаконтентті жайлы әрі заманауи ортада жасап, үйрене алуы үшін техникалық базаны кезең-кезеңімен нығайтып келеміз.
MNU университеті аналитикалық ойлауды, өнертапқыштықты, мәселелерді шешуді және қоғамға қызмет етуді ынталандыратын жаңа идеяларды бағалайды.
Мақсаты: дәстүрлі жанрларда да, жаңа форматтарда да жұмыс істей алатын жоғары білікті журналистердің жаңа буынын дайындау. Бағдарламаның негізгі бағыты жергілікті, ұлттық және халықаралық деңгейдегі, оның ішінде қазақстандық перспективадан оқиғаларды жан-жақты, сапалы және объективті түрде жариялай алатын халықаралық деңгейдегі әмбебап мамандарды тәрбиелеу үшін практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
ТолығырақПроектов не найдено
Проектов не найдено
Академиялық ұтқырлық студенттерді академиялық кезеңге шетелдік әріптес жоғары оқу орнында оқытуды көздейді. Бағдарламаға қатысу - бұл бір уақытта шетелдік ЖОО-да оқу және шетелде тұру тәжірибесін алу мүмкіндігін береді.
ХЖМ эдвайзерлер кеңсесі білім алушыларды оқытудың бүкіл кезеңі ішінде ұйымдастыру-әдістемелік және консультациялық жұмыстарды жүргізеді, Халықаралық журналистика мектебінің академиялық саясаты шеңберінде білім алушылардың академиялық мүдделерін қолдайды және жеке оқу жоспарын құруға/түзетуге жәрдемдеседі.
Қазіргі уақытта Халықаралық журналистика мектебінде Академиялық сапаны қамтамасыз ету, бағдарламалардың сапасын бақылау және Университеттің академиялық саясатына, стандарттары мен ережелеріне сәйкестігін қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беру мен ғылыми-зерттеу қызметі аясындағы этикалық нормалардың бұзылуымен байланысты дауларды шешу міндеттерін атқаратын біріккен комитет жұмыс істейді.
Жамалова Айгуль, Халықаралық журналистика мектебінің деканы
Каргашев Расул, Халықаралық журналистика мектебі деканының орынбасары
Шойымбекова Бакыт, Білім беру бағдарламаларының жетекшісі